Артур Фрай | |
Arthur Fry | |
![]() | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Ғылыми аясы |
Өнертапқыш |
Артур Фрай (ағылш. Arthur Fry, 19 тамыз 1931 жыл, Оватонна, АҚШ) — өнертапқыш, ғалым. Ол белгі қағаздарды (заметки) ойлап табушылардың бірі болып саналады. 2006 жылы бұл тауар жүзден аса мемлекеттерде сатылымға шығарылған.
Фрай Миннесотада дүниеге келіп, кейіннен Айовада және Канзас-Ситида өмір сүреді. Орта білімді ауыл мектебінен алады, химиялық технологияны Миннесота Университетінде зерттейді.
1953 жылы университетке түсумен қатар Фрай Зм-ге жаңа тауарлардың инженер-әзірлеушісі ретінде жұмысқа орналасады. Қызметтен кеткенше 1990 жылдардың бас кезіне дейін мансабының көп бөлігін ЗМ-де қызмет етумен өткізеді.
1980 жылдан бастап Фраймен ойлап табылған белгі қағаз АҚШ жерінің барлық бөлігінде сатылымға шығарылады, осылайша 1 жылдан соң бұл тауар Канада мен Еуропа нарықтарында пайда болады. 1999 жылы Fortune журналының шешімі бойынша белгі қағаз XX ғасырдың ең елеулі өнертабыстар қатарына қосылады.