Аспаптау

Аспаптау - музыкалық шығарманы үрмелі, ішекті халық аспаптары немесе симфониялық оркестрлердің құрамына сай лайықтап, әр аспапқа бөліп жазу.

Бұл кезде композитор немесе аспаптаушы маман оркестр құрамындағы әр аспаптың дыбысталу ерекшеліктерін, диапазонын, үн-бояуын, орындау мүмкіндіктерін мұқият ескеруі қажет. Шығарманың оркестрде үйлесіп, жағымды естілуі ауылы шеберлігіне байланысты. Композиторлар тәжірибесінде шығарманы оркестрге арнай жазудың екі түрлі үлгісі қалыптасқан: бірінде фортепьяноға лайықталған клавирі жазылып, артынан оркестрге арналып аспапталса, екіншісінде жаңа шығарманың оркестрге арналған партитурасы жазылады. Белгілі бір музыкалық аспапқа арналып жазылған шығарманың оркестрге түсірілуі де мүмкін.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8