Аталық – хан ордасында тақ мұрагеріне әскери тәрбие беретін және оқытатын жоғары мәртебелі адам. Өзі тәрбиелеген ханзада билікке жеткен соң оның кеңесшісі қызметін атқарған.[1]
Ауызша деректерге қарағанда аталық көбінесе нағашы жұртынан немесе тағайынан таңдалған керінеді. Аталықтың қызметі хан тағының мұрагеріне билік технологиясын және әскери өнерді үйретумен шектелген жоқ. Құрбанғалн Халидидің мәліметіне қарағанда, оның бнлік құзыры қатардағы уәзірден жоғары болған. Тіпті, оның жарлыққа хан құқығындай мөр қоюға да құзыры болды. Демек, аталық ханның аса ықпалды жақын кеңесшілерінің бірі болса керек. Өкінішке орай, қазақ хандарына қатысты аталмыш тұлға жөнінде деректер жоқтың қасы.[2]
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|