Австралия коммунистік партиясы (АКП) 1920 жылы 30-қазанда құрылды. Коминтерн құрамына кірді. 20-жылдары оңшыл оппортунистік топтарға қарсы күресте жеңіске жетті. Саяси-теориялық күрес барысында АКП ішінде Дж. Майсл, Л. Шарки Р. Диксон бастаған маркстік-лениндік жетекші топ қалыптасты.
2-дүниежүзілік соғыс кезінде АКП астыртын жұмыс жүргізді. Фашизмге қарсы күресте Австралия комунистері кеңес халқын қолдады. 1951 жылы АКП 16-съезі <Австралияны социализмге апаратын жол> атты программа қабылдады. АКП комунистік және жұмысшы партиялары өкілдерінің 1957, 1960 жылдары Мәскеуде өткен кеңестерінде қабылданған документтерге қол қойды.
АКП 21-съезі 1967 жылы барлық солшыл күштердің одағын құру, партияның жаңа программасының жобасын әзірлеу жөнінде шешім қабылданды. АПК делегациясы коммунистік және жұмысшы партиялар өкілдеренің 1969 жылы Москвада өткен халықтар кеңесіне қтысты.
АКП бейбітшілік, демократия, социализм жолында, империалистік реакцияға қарсы табанды күрес жүргізгісі келеді. АКП демократия централизм негізінде құрылған. Парития ұйымдары территориялық-өндірістік принципке негізделген.
<Атамұра> корпорациясы ЖШС 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 75.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |