Аустрия — Швейцария футбол матчы (1954) (ағыл. Austria v Switzerland) — 1954 жылғы әлем біріншілігінің 1/4 финалдағы матчтарының бірі. Аустрия футболшылары 7:5 есебімен жеңіске жетті. Бұл — әлем чемпионаттары тарихындағы ең нәтижелі матч.
Немістілді басылымдар бұл ойында "Лозаннадағы айқас" (нем. Hitzeschlacht von Lausanne) деп еске алады.
- Бірінші таймның өзінде тоғыз гол соғылды, бұл да ӘЧ рекордтарының бірі.
- Әлем чемпионаттарында бірінші рет үш гол айырмасымен алға шыққан құрама нәтижесінде ұтылып қалды, Швейцария құрамасы 19-минутта 3:0 есебімен алда тұрған-ды.
- Бұл екі бірдей хет-трик соғылған ӘЧ тарихындағы үшінші матч.