Афлатун жуасы | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Allium aflatunense B.Fedtsch. |
Афлатун жуасы (лат. Allium aflatunense) – амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын Қазақстанда сирек кездесетін түр. Тек Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. Қазақстан жерінен тыс Ферғада және Ұзынахмет жоталарында таралған. Жапырақты ормандар мен бұталар арасында, орта тау, кейде жоғарғы тау белдеулерінде шөптесінді беткейлерде өседі. Бытырап және сирек кездеседі. Өте әдемі сәндік өсімдік - сабағы биік, ұзын көкшіл топтанған жапырақтары бар, ақшыл күлгін гүлдері үлкен гүл шоғырында жиналған. Мәдени түрде төзімді, тұқымы арқылы көбейеді. Тек Алматыда ғана емес, тіпті Мәскеуде де жақсы өседі. Табиғи популяциялары пиязшықтарын тағамдық және жоғарғы сапалы желім алу мақсатында жаппай жинау нәтижесінде зардап шегіп отыр. Түрдің табиғаттағы жағдайына бақылау жасап, зерттеп, мәдени түрде өсіруді қолға алу керек.