Ацидофилин (лат. acicus - қышқыл және грекше сүйемін) — ацидофильді организмдермен (бактериялармен) сүтті ұйытып алынған ішімдік.[1] Ацидофилин — сиыр сүтіл (қаймағын алып не алмай) қайнатыл, оған сүт қышқылды стрептококк пен ацидофилин таяқшасын, сондай-ақ кефир грибогын қосып ашыту арқылы алынатын диеталық қышқыл сүт тағамы. Сүт заводтары ацидофилиннің майлы (сүт майы 3,2%), майлы тәтті және майсыз тәтті түрлерін шығарады. Ацидофилин сүтке қарағанда асқазанда жеңіл қорытылып, тез сіңеді. Сондықтан да оны емдік тағам ретінде пайдалан ады, өйткені ацидофилин құрамындағы сүт қышқылды бактерия ішекте пайда болатын шіру процесін жолды. Ацидофилинді 80С-тан аспайтын температурада 3 тәуліктей ғана сақтауға болады. Дүкендерде ацидофильді простокваша мен аидофильді қатықта сатылады. (Простокваш мақаласын қараңыз).[2]
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
|