Ағын – табиғаттағы су айналымы процесінің нәтижесінде судың жер бетімен және оның астымен ағуы. Беткі және жер асты ағыны болып екіге бөлінеді:
Беткі ағын өз алдына беткейлік және арналық болып ажыратылады. Ағын мөлшері және режимі жауын-шашын мен булану мөлшеріне, ауа температурасы, жер бедері, геологиялық құрылысы, топырақ пен өсімдік сипатына байланысты қалыптасады.[1]
Ағынның келесі екі мағысы бар:
Ағын аймақтың климат жағдайына тәуелді. Ағынның жалпы шамасы – су шығымы, ағын модулі, ағын коэффициенті және ағын су қабатының қалыңдығы деп аталатын элементтер арқылы анықталады.
Белгілі бір уақыт ішінде арнамен ағып өтетін ағын мөлшері (м³/с не л/с-пен өлшенеді).
Cу жиналатын алаптың 1 км2 жерінен 1 с-та жиналатын ағын көлеміне .
Ағын модулі (лат. тосіиіиз - өлшем) - су жиналу аудан бірлігінен уақыт бірлігі ішінде өтетін ағынның көлемі. Су шығынын су жиналу ауданына болу арқылы есептеледі; әдетте л/с кмг немесе м/с кмг-мен өлшенеді. Ағын модулі кез келген кезең үшін: 1) өзен ағынының жалпы жиынтығына; 2) беткі ағынға; 3) жер асты ағынына; 4) ең аз немесе ең көп ағынға қатысты есептеледі.
Жалпы жауын-шашынның ағынға айналған бөлігін көрсететін проценттік шама.
Ағын коэффициентінің мм-мен не см-мен өлшенген қалыңдығы. Қазақстанның ішкі, өзіндік Ағынның көлемі 59 км3.
Көп жылдық кезендегі ағын шамасының орташа мәні. Ағынның жылдық, айлық шамаларының орташа арифметикалық мәні (жылдық, айлық ағын нормасы) ретінде есептеледі.
1) анық көрінетін екі бірдей жаға арасындағы арнамен (өзеннің, өзеншенің) немесе ойпаң жермен еңіс бағытта тұрақты және уақытша ағып өтетін табиғи су ағыны; 2) табиғи және жасанды ағын сулардың жалпы аталуы.
Су қоймадан тұтынушыларға жеткізілетін жылдық орташа су көлемінің (Ж) өзеннің қалыпты ағынының көлеміне (V) катынасы: у = IV/ У0
Ағынның жыл бөліктері (маусымдар, айлар, онкүндіктер) бойынша бөлінуі; әдетте, ол жылдық ағын мөлшерінен үлес немесе пайыз есебімен анықталады.
Көп жылдық кезең ішінде өзен сулылығының көп жылдық, орташа шамасынан едәуір ауытқуына сәйкес өзгеруі. Олар өзеннің көп сулы және аз сулы циклдерінің ауысымы түрінде байқалады.
Өзен мен көлдің су жинау алабындағы беткі ағын суы жок аумақ.
Ағынсыз атыраптарда тараған өзен мен көл алаптары (мысалы, Арал—Каспий ағынсыз атырабында орналасқан Еділ, Жайық, Әмудария мен Сырдария өзендерінің алаптары).
Өзен жүйелері арқылы мұхитпен байланысы жоқ материктік ішкі ағынсыз атырап. Мұнда өзендер мұхиттармен байланыспайтын теңіздер мен көлдерге құяды немесе қуаң зоналардағы құмдарға келіп жоғалады. Ағынсыз атыраптың аумағы жағынан ең ірісі — Еділ, Жайық, Әмудария мен Сырдария өзендері құятын Каспий—Арал атырабы.
Дала мен шөлейт зоналардың (Қазақстанның) және мәңгі тоңды аймақтардың (Батыс Сібір мен Саха Республикасының) ағынсыз атыраптарында тараған немесе жер асты суы көрші су жиналу атырабына етпейтін көлдер.[2]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |