Ауыл | |
Ақкөл | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округ | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
46°39′18″ с. е. 49°03′26″ ш. б. / 46.6551056° с. е. 49.0573583° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 46°39′18″ с. е. 49°03′26″ ш. б. / 46.6551056° с. е. 49.0573583° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1974 |
Бұрынғы атаулары |
Ганюшкино ст. |
Ауыл статусы |
2003 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▼4738 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7 71233 |
Пошта индексі |
060401[1] |
Автомобиль коды |
06 |
Ақкөл шекарасы
|
Ақкөл (бұрынғы аты ст.Ганюшкино) — Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы ауыл (1974-2003 жж. кент)[2], Ақкөл ауылдық округінің орталығы және теміржол стансасы.
Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 22 км жерде, құмдақ топырақты шөл белдемінде орналасқан.
1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|
2963 | ▲3988 | ▲4646 | ▼4596 | ▲4738 |
Іргесі 1974 жылы Атырау — Астрахан теміржолын салуға байланысты қаланған. Ақкөл ауылының тарихы негізінен теміржол торабының бойында орналасқан Ганюшкин стансасымен тығыз байланысты. Станса құрылысы басталғанға дейін осы аумақты айнала бірнеше көлдер болған, сол себепті сол көлдердің бірінің атауы берілген.
Ақкөл жалпы орта мектебі, Дәулеткерей балалар музыка мектебінің филиалы, ауылдық дәрігерлік емхана, Ақкөл ауылдық мәдениет үйі, кітапхана, пошта және байланыс торабының бөлімі жұмыс істейді.[3]
29 шаруа қожалығы, 129 жеке кәсіпкер жұмыс жасайды. 2 мейрамхана, 1 кафе-бар, 29 дүкен, 1 қонақ үйі, 1 шаштараз халыққа қызмет көрсетсетуде. Бұрынғы ұжымшар орнына жеке шаруашылықтар мен шаруа (фермер) қожалықтары құрылған.[5]
1 керамикалық кірпіш зауыты әр түрлі тас өнімдерін өндірсе, 1 зауыт керамзит өндірумен айналысады. Сонымен қатар 8 теміржол мекемесі-Ганюшкин станциясы, Ганюшкин жол дистанциясы бөлімшесі, Ганюшкин айналым депосы, Ганюшкин электрмен жабдықтау бөлімшесі, әскериленген күзет бөлімі. Транстелеком, Атырау сигнализация және байланыс дистанциясы филиалының Ганюшкин бөлімшесі, вагон жөндеу, тексеру мекемелері және «Интергаз Азия» АҚ-ның Ақкөл желілік өндірістік басқармасы, ауданға теміржол көлігімен тасымалданып әкелінетін, шығарылатын жүктерді түсіруге,тиеуге арналған 5 теміржол тұйықтары, 2 мұнай өнімдерін құю өңдеу терминалдары, әр бағыттағы 3 өндірістік база, 2 су тазалап беру ғимараты, 1 орталық жылу беру қазандығы жұмыс жасайды.
1 шекара қызметін тексеріп өткізу бекеті, 2 полиция бөлімшесі, учаскелік 8 қызметкер және желілік көліктегі ішкі істер бөлімшесі, құқық қорғау қызметкерлері, өрт сөндіру поезы жұмыс атқарады.[6]
Ақкөл аудандағы ең ірі темір жол бекеті, сондай-ақ облыстағы маңызды елді мекендердің бірі. Мұнда темір жол көліктерінің шекаралық бақылауы жүргізіледі.
|