Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
қараша 1989 — желтоқсан 1991 | |||
Ізашары | Михаил Исиналиев | ||
Ізбасары | Төлеутай Сүлейменов | ||
Өмірбаяны | |||
Білімі | ҚазҰУ | ||
Ғылыми дәрежесі | Тарихи ғылымдарының докторы, Химия ғылымының кандидаты | ||
Мамандығы | Қазақстан тұрақты өкілі: ![]() Қазақстан төтенше және өкілетті елшісі: ![]() ![]() | ||
Дүниеге келуі | 12 мамыр 1948 (76 жас) Алматы, Қазақ КСР | ||
өңдеу ![]() |
Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызы (1948, Алматы) – қазақ және кеңес мемлекеттік қайраткері, Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұңғыш тұрақты өкілі, Қазақ КСР Сыртқы істер министрі, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің 1-санатты Төтенше және Өкілетті елшісі, химия ғылымдарының кандидаты (1974) және тарих ғылымдарының докторы (1993).
Арғын тайпасы Тобықты руының дадан бөлімінен шыққан[1][2].
Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тамамдап (1971), аспирантурасын (1974) бітірді. Кейін осы университетте кіші, аға ғылыми қызметкер (1974–78) болып жұмыс істеді.
Қазақстан ЛКЖО (комсомол) Орталық комитетінде бөлім меңгерушісі (1973–81); Қазақстан ЛКЖО ОК хатшысы (1981-1983) болып қызмет етті.
Шет елдермен достық және мәдени байланыс жөніндегі Қазақ қоғамы төрағасының орынбасары (1983–1989);
1989 жылғы қарашадан бастап 1991 жылғы желтоқсанға дейін Қазақ КСР-і Сыртқы істер министрі болып қызметті. 1990 жылы КСРО Президенті Горбачев Арыстанбекова Ақмаралға 1-санатты Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық рангын тағайындады.
1992-1999 жылдары Бірікке Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұңғыш тұрақты өкілі болып жұмыс істеді. 1996–1999 жылдары Кубадағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарды.
1999-2003 жылдары Франциядағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі қызметімен қоса ЮНЕСКО жанындағы ҚР тұрақты өкілі болды. 2002 жылдан Халықаралық дипломатия академиясының вице-президенті (Париж), т.б. жауапты қызметтер атқарады.
1974 жылы «Кинетика и селективность гидрирования смесей органических соединений» тақырыбында кандидаттық диссертация, ал 2004 жылы «Казахстан и Организация Объединенных Наций: история, проблемы и перспективы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылым депутаты болды.