Ауыл | |
Ақмол | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
51°04′17″ с. е. 70°58′34″ ш. б. / 51.07139° с. е. 70.97611° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°04′17″ с. е. 70°58′34″ ш. б. / 51.07139° с. е. 70.97611° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1930 |
Бұрынғы атаулары |
№26 нүкте, Малиновка |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
13 678[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
03 |
Ақмол шекарасы
|
Ақмол (1954 жылға дейін - №26 нүкте, 2007 жылға дейін - Малиновка)[2] — Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл, аудан (2007 жылдан)[3] және Ақмол ауылдық округі орталығы.
Астана қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км-дей жерде, Жалаңаш көлінің солтүстік-батыс жағасында орналасқан.
1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
4835 | ▲5711 | ▲13400 | 234,6 | 2733 | ▲6616 | 242,1 | 2978 | ▲6784 | 227,8 |
Іргесі 1930 жылы қаланған. 1937 — 54 жылдары Карлаг жүйесіндегі АЛЖИР (Отанын сатқандардың Ақмола әйелдер лагері) орналасқан. 1954 жылдан кеңшардың орталығы, 1965 жылдан «Ақмола» құс өсіретін кеңшардың, ал 1975 жылдан Целиноград құс өсіретін өндірістік бірлестігінің Малиновка ауылдық округінің бірлестігі болған.
Орта мектеп, мәдениет үйі, ауданы кітапхана, мектеп кітапханасы, ауданы емхана, АЛЖИР тоталитаризм және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музей-мемориалдық кешені мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бар.
«Ақмола Феникс» АҚ, «Бағысов» шаруа қожалығы, «Вилма —2» бірлескен компания, 38 жеке кәсіпкерлік орналасқан. Ауыл арқылы Астана — Қорғалжын автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы — Астана (35 км).
|