Ақсораң тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы |
12 км |
Ені |
7 км |
Биіктігі |
1565 м |
Орналасуы | |
48°25′37″ с. е. 75°28′47″ ш. б. / 48.42694° с. е. 75.47972° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°25′37″ с. е. 75°28′47″ ш. б. / 48.42694° с. е. 75.47972° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Ақсораң – Қызыларай тау массивінің оңтүстік бөлігіндегі тау, Сарыарқаның биік жері.
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының жерінде, Шылым ауылынан шығысқа қарай 12 км-ге созылып жатыр. Биіктігі 1565 м, ені 7 км.
Пермьнің граниттерінен, төменгі пермь, орта тас көмір дәуірі жыныстарынан түзілген.
Солтүстікке қарай еңістеу келген аласа таудан тұрады. Қаратал, Жіңішке, Сарыөлең өзендері бастау алады.
Тау беткейлерінде қарағай орманы, тауаралық аңғарлардағы қызыл қоңыр топырағында қайың, көктерек, тал, арша, қараған; ойпаң жерінде тобылғы, астық тұқымдас әр түрлі шөпті шалғын өседі.Таудың табиғи көркі мен табиғат байлығы шаруашылық әрекеттерге көп ұшырай қоймауы мұнда болашақта қорық ұйымдастыруға толық мүмкіндік береді.[1][2]