Ауыл | |
Ақсуат | |
Ақсуаттың қақпасы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Әкімі |
Увалиев Тоқтар |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | |
Құрылған уақыты |
1928 |
Биiктiгі |
543 м |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
7 293[1] адам (2023) |
Этнохороним |
ақсуаттық |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7 72346 |
Пошта индекстері |
071500 |
Автомобиль коды |
F, U |
Ақсуат шекарасы
| |
Ортаққордағы санаты: Ақсуат |
Ақсуат — Абай облысы Ақсуат ауданындағы ауыл, аудан және Ақсуат ауылдық округі орталығы.
Облыс орталығы - Семей қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 342 км жерде, Зайсан қазаншұңқырының оңтүстік-батысында, Қарабұға өзенінің сол жағалауындағы шөлейтті белдемде орналасқан. Ауылға ең жақын темір жол стансасы - Жаңғызтөбе (295 км жерде).
1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
7503 | ▼ 6126 | ▲ 7183 | 117,3 | 3025 | ▲ 3617 | 119,6 | 3101 | ▲ 3566 | 115 |
Іргесі 1929 жылы ұжымдастыру кезінде қаланған. 1963-1995 жылдары Ақсуат кеңшарының орталығы болған. 1995 жылы шаруа қожалықтары құрылған. Ақсуаттың аты екі сөзден шыққан: ақ және суат.
Баспахана, орта мектептер, аурухана, өлкетану мұражайы, аудандық мәдениет үйі т.б. мекемелер бар. Ақсуат арқылы Аягөз — Көкпекті — Қалбатау — Жаңғызтөбе автомобиль жолы өтеді.
Ақсуаттың климаты өте континентті. Климаттың континенттігі ауданның көп жерінде температураның тез ауытқуынан, ауаның құрғақ болып, жауын – шашынның аз жауатындығынан байқалады. Климатының мұндай болу себебі – оның мұхиттар мен теңіздерден өте алыс қашықтықта орналасуына байланысты. Сондай-ақ, климатқа аудан территориясының және көршілес жатқан аймақтардың жер бедері де әсер етеді.
Ақсуаттың жазы ыстық, қысы суық, қаңтардың орташа температурасы – 22°С, - 30°С, шілдеде + 25°С, + 35°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-300 мм, көбі қыс айларында түседі.[4]
|