Байкал маңы

Солтүстік Прибайкальедегі Иняптук жазығы

Байкал маңы (орыс. Прибайкалье ) - Байкал көлін (Ресей) айнала қоршаған жоталар мен тау аралық қазан шұңқырлар алып жатқан физикалық-географиялық облыс.

Батысында Приморье (биіктігі - 1728 м) мен Байкал (257 м) жоталары, орталық бөлігінде Байкал көлі мен Тунка, Баргузин, Жоғары Ангара т.б. қазан шұңқырлар, шығысында Хамар-Дабан ( м), Улан-Бургасы (2049 м), Икат (2573 м), Баргузин (2840 м) жоталары орналасқан. Облыс архей мен протерозойдың тақта тас, әк тас, кварцит, гнейстерінен түзелген. Жоталардың беткейлерінде түгелдей таудағы тайгалық, тау аралық қазан шұңқырларда дала өсімдіктері өседі. Ең биік таулардың басы жалаңаш келеді. Байкал маңында пайдалы қазбалардан слюда, алтын және құрылыс материалдары бар[1] .

Байкалға құятын өзердердің бірі

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том