Байырғы чехтар – чех буржуазиялық партиясы (1860-1918). Басшылары: Ф. Л. Ритер, А. Браф, К. Маттуш. Мақсатын Габсбургтегі монархиясы шеңберіндегі Чехия автономиясын құру деп жариялап, ұлт-азаттық күрестің өрістеуіне кедергі жасамақшы болды және чех буржуазиясының билеуші тобына үкіметтен азын-аулақ жеңілдік алып бермекші болды. Байырғы чехтар өріс алып келе жатқан жұмысшы қозғалысына мейлінше дұшпандықпен қарады. 1874 жылы партияда жік тууы салдарынан одан жас чехтар бөлініп шықты. 1918 жылы Байырғы чехтар Чехословакияның ұлттық-демократиялық партиясының құрамына кірді. [1]