Бамбук куфиясы | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Craspedocephalus gramineus | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Coluber gramineus |
Бамбук куфиясы (лат. Craspedocephalus gramineus) — улы сұр жыландар тобына жататын жылан.
Бамбук куфиясының ұзындығы 50 см-ден 90 см-ге дейін жетеді. Түсі жасыл, ағаш жыландарына ұқсас. Басының пішіні үшбұрышты. Қабыршақтарында ақ дақтар болады.
Түсі әдетте жасыл болғанымен сары, қара, қызыл реңділерін де кездестіруге болады. Екі бүйіріндегі көкшіл рең беретін сары түсті жолақтары бас жақтарынан басталады. Аналық бамбук куфиясының көпшілігінің бауырында ақ түсті жолағы болады. Құйрығы қызыл түсті, сондықтан қытайлықтар оларды "қызыл құйрықты бамбук куфиясы" деп атайды. Егер оған ұқсас жыланның құйрығы қызыл болмаса, улы болып саналмайды.
Ол – қарапайым жасыл жылан.
Бамбук куфиясы жемтігін түнде баяу жорғалап жылжу арқылы аулайды. Бұл жыландардың екі жұп тістерінің ізі тістегеннен кейін жемтіктерінің денесінде айқын байқалады. Олардың уында геморрагиялық токсиндер болады, сондықтан шыққан жерлері ісіп, қан ағып күлдіреп кетеді. Негізгі қорегі - қосмекенділер, кеміргіштер, кесірткелер және құстар.
Бамбук куфиясы жыныстық жағынан бір жылда жетіледі. Ұрпағын тірідей туады. Әрбір жаз мезгілінде дүниеге 2-15 аралығында ұрпақ әкеледі.
Таулы аймақтар мен жыртылған егістік маңында, өте ыстық жерлерде тіршілік етуге бейімделген. Оларды Қытай, Непал, Тайвань, Тайландтан кездестіруге болады.[1]