Бас мия

Бас мия

Бас мия , тікенді мия (Glycyrrhіza echіnata) – бұршақ тұқымдасы, мия туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда, негізінен, Сырт қыратында, Каспий маңы ойпаты мен Жайық алабында және оңтүстіктің шөлді, шалғынды, далалы жерлерінде өседі. Биіктігі 50 – 100 см, бұтақты не бұтақсыз сабағы, жіңішке қырлы, тықыр, кейде ұсақ селдір түкті болады. Қысқа сағақты жапырағы 3 – 6-дан жұптасып шоғырланған, пішіні эллипс тәрізді, ұзындығы 6 – 13 см. Гүлшоғыры тығыз, шоғырбас, гүлдері ұсақ, көкшіл, қызғылт, ал жемісі – бұршақ, сопақша, 1 – 2 тұқымды, тұқымы сарғыш жасыл түсті. Мамырмаусым айларында гүлдеп, маусымшілдеде жеміс береді. Тамырында глюкозид, сахароза, эфир майы мол болғандықтан, тамақ өнеркәсібі мен медицинада пайдаланылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы

http://www.natuerlich.ru/news/html/531.html(қолжетпейтін сілтеме)