Батбат кесіртке | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Phrynocephalus mystaceus |
Батбат кесіртке (лат. Phrynocephalus mystaceus) – ешкіемерлер тұқымдасындағы жұмырбасты кесірткелер туысының бір түрі.
Каспий теңізі мен Алакөл арасындағы шөлді аймақтарда тіршілік етеді. Қазақстанда 2 түр тармағы бар.
Денесінің ұзындығы 20 см-дей, салмағы 43 г-ға дейін, терісінің қабыршақтары ұсақ, бүртікті келеді. Басы жалпақ, жұмыр. Артқа қарай ширатылған құйрығы түбінен ұшына қарай жіңішке, ұшы қара түсті болады. Түсі тұтастай ашық сұрғылт, бауыры ақшыл түсті, алқымында қара жолағы, ал екі езуінде ұсақ шашақты үлкен терілі қатпары бар. Ізіне түсіп қуғанда денесінің екі бүйіріне ырғала қозғалып, тез арада «құмға сіңіп» кететіндіктен, «батбат кесіртке» деп аталған. Жауынан қорғанғанда не қауіп төнгенде терілі қатпары қатты керіліп, құлаққа ұқсайды, сондықтан оны «құлақты кесіртке» деп те атайды.
Наурыз – қазан айларының аралығында күндіз көзге түседі. Жылына 2 рет 2 – 4 жұмыртқа салып, көбейеді. Өрмекшілермен, өсімдік жапырақтарымен қоректенеді. Кейбір зиянды жәндіктерді жеп, пайда келтіреді.[1]
ТМД кеңістігінде 7 түрі белгілі. Теңбіл батбат кесіртке Түркімен Қарақұмының оңтүстігінде, ТМД фаунасы эндемигі, Өзбекстанда таралған, кентаун батбат кесіртке КСРО Қызыл кітабына енгізілген.[2]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Phrynocephalus mystaceus |