Батиндер | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
80 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
Батиндер — Индонезиядағы халық. Олар Суматраның орталық аудандарындағы Тембеси өзенінің аңғарында тұрады. Халқы 80 мың адам.[1] Өздерін Джамби провинциясы территориясының байырғы тұрғындары деп есептейді. Батиндердің этникалық қауымдастығына малайлар, минангкабау, керинчелер және явандықтардың өкілдері кірді.[2]
Малай тілінің диалектісінде сөйлейді.[3]
Сенушілер – мұсылман-сүнниттер. Ислам дінін қабылдаған батиндер малайлықтармен ассимиляциялануда.[4]
Дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (құрғақ күріш, банан, тамыр жемістер, түйнектер), олар сонымен қатар буйвол, ешкі, құс өсіреді, резеңке плантацияларында жұмыс істейді, аң аулайды.[5]
Олар көсемдер басқаратын (туменгунг немесе пангеран) аумақтық топтар бойынша қоныстанған (батин немесе суку). Матрилиналды руларды көсем басқарады (батин). Неке матрилокалды.[6]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |