Ауыл | |
Баутин | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
44°32′32″ с. е. 50°16′27″ ш. б. / 44.542329° с. е. 50.274040° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 44°32′32″ с. е. 50°16′27″ ш. б. / 44.542329° с. е. 50.274040° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1847 |
Бұрынғы атаулары |
Николаевский |
Ауыл статусы |
2013[1] |
Жер аумағы |
11,044 км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▼3903 адам (2021) |
Этнохороним |
Баутиндік, Баутиндіктер |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7 72938 |
Пошта индексі |
130502 |
Автомобиль коды |
12 |
Баутин шекарасы
|
Баутин — Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы ауыл, Баутин ауылдық округі орталығы.
Аудан орталығы – Форт-Шевченко қаласынан солтүстікке қарай 6 км-дей жерде, Каспий теңізі жағасында орналасқан[2].
1849 жылы Николаевск станицасы ретінде құрылған. 1922 жылы Маңғыстау уезінің екінші партия конференциясының өкімімен А.Е.Баутиннің есімімен ауыстырылды[3].
1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021[4] |
---|---|---|---|---|
4743 | ▼4462 | ▼3737 | ▲4344 | ▼3903 |
Баутин Қазақстандағы ірі балық өнеркәсібі орталықтарының бірі. Мұнда балық және итбалық аулау базасы, балық консервілеу зауыты, кеме жөндеу кәсіпорны жұмыс істейді. Зауыттың балық консервілеу, балық ұнын дайындау цехтары, итбалық терісін өңдеу, балықты бұқтыру, қаңылтыр қалбырын жасау өндірістері бар. Көлік және тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорындары жұмыс істейді.
Баутин тұрғындары облыс орталығы – Ақтау және Форт-Шевченко қалаларымен автомобиль жолы арқылы, Атырау, Астрахан қалаларымен теңіз жолы арқылы қатынасады.
Ауылда 1 мектеп- лицейі, 1 мектеп-гимназиясы /қазақша және орысша/, Маңғыстау политехникалық колледжінің филиалы, 2 балабақша, 2 дәрігерлік амбулатория, 2 кітапхана, пошта бөлімшесі, 6 қонақ үй, кафе-бар, 26 сауда нүктесі, 2 шаштараз, 3 балаларға арналған ойын алаңы, телефон станциясы, су тұщытатын қондырғы орналасқан. Ауылда көптеген шетелдік, отандық компаниялар жұмыс жасайды.
Баутин ауылы өзінің тарихи мұраларымен танымал. Мысалы төменгі және жоғарғы маяктар (1863 жыл), теңізагенттігі, «Меркурий» солтүстік–кавказ компаниясы (1887 жыл), А.Е.Баутинге қойылған ескерткіш (1927 жыл), Әліби Жангелдинге қойылған ескерткіш тақта (1978 жыл), балық шаруашылығын алғашқы ұйымдастырушы Дубский Захар Кузмичтің тұрған үйі (1913 жыл).
|
|