Бауыржан Жолшиев ![]() | |||||||||||||||||||||||||
![]() | |||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Толық аты |
Бауыржан Ренатұлы Жолшиев | ||||||||||||||||||||||||
Туған күні | |||||||||||||||||||||||||
Туған жері | |||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | |||||||||||||||||||||||||
Бойы |
190 см | ||||||||||||||||||||||||
Салмағы |
80 кг | ||||||||||||||||||||||||
Позиция | |||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||
Бауыржан Ренатұлы[1] Жолшиев (8 мамыр 1990, Фрунзе, Қырғыз КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының экс-шабуылшысы.
Бауыржанның бiрiншi клубы "Алматы" болды. Ол "Алматыда" 2 маусым өткiздi. "Атырауға" 2009-дан 2011 жылға дейін ойнады. 2011 жылды жазда "Тобылға" ауысты.
2014 жылы ақпанда "Астана" клубымен екі жылдық келісім шарт жасасты. Клуб сапында екі жыл қатарынан Қазақстан чемпиогны атанды, 2015 жылы күзде УЕФА Чемпиондар лигасына қатысып, 18 тамыз күнгі плей-офф кезеңінде АПОЭЛ қақпасына жеңс голын соқты (1:0).
2015 жылы 9 желтоқсанда сырт алаңда УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Галатасарайға" қарсы карьерасындағы соңғы ойынын өткізді.
Бір аптадан соң еркін агент ретінде клубтан кетті. Бірақ сол күйі футбол ойнамады.
2018 жылы карьерасын жаңғыртуға әрекет жасады, бірақ "футболдан гөрі тұрмыстық жағдайын дұрыстауды" алдыңғы кезекке қойып, футбол ойнаудан бас тартты.
Қазақстан жастар құрама командасы сапында 2010 жылы қарсы алғашқы кездесуін өткізді[2]. Алғашқы добын достастықтардың кубогiнде соқты.
2012-15 жылдары негізгі құрама сапында 13 рет алаңға шықты. 2013 жылы 6 ақпанда Молдоваға қарсы жолдастық кездесуде құрамадағы тұңғыш голын соқты 3:1).
2014 жылы 5 қыркүйекте Қырғызстанға қарсы жолдастық кездесуде екі голдың авторы атанды (7:1).
Атырау