Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек | ||||||||||
Лауазымы | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||
9 тамыз 2015 жыл — 28 маусым 2019 жыл | ||||||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаев | |||||||||
Ізашары | Ахметжан Есімов | |||||||||
Ізбасары | Бақытжан Сағынтаев | |||||||||
| ||||||||||
29 маусым 2019 — 2 ақпан 2022 | ||||||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаев | |||||||||
Ізашары | Мәулен Әшімбаев | |||||||||
Ізбасары | лауазым ыдыратылды (Атқарушы хатшы ретінде Асхат Оралов) | |||||||||
17 қаңтар 2013 — 8 тамыз 2015 | ||||||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||||||||
Ізашары | Бақытжан Сағынтаев | |||||||||
Ізбасары | Асқар Мырзахметов | |||||||||
Өмірбаяны | ||||||||||
Білімі | Күләш Бәйсейітова атындағы музыка мектебі (Алматы) Гёте институты (Бремен) "Болашақ" бағдарламасымен Любек, Германиядағы Жоғары музыка мектебі (1994-1998) Орталық Азия университеті (2002) | |||||||||
Ғылыми дәрежесі | Саясаттану ғылымдарының кандидаты | |||||||||
Мамандығы | экономист, музыкант | |||||||||
Дүниеге келуі | 19 наурыз 1974 (50 жас) Алматы, ҚазКСР | |||||||||
Марапаттары |
| |||||||||
өңдеу |
Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек (1974 жыл 19 наурыз, Алматы қаласы) — қазақстан саясаткері, Алматы қаласының әкімі (2015–2019), саясат ғылымдарының кандидаты. Шапырашты руынан шыққан.[1][2]
Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі.
Әкесі, Байбек Қыдырғали Мұқаметәмірұлы — зейнеткер, «Алматы қаласы бойынша жолаушыларды тасымалдау» КМК бастығының орынбасары болған. Анасы, Байбек Алтынай Құнғалиқызы — зейнеткер, «Қазгипротамақөнеркәсіп» бөлімінің бастығы, бас маманы қызметін атқарған.
Үйленген. Жұбайы — Байбек Жанар Кенжеғарақызы. 5 баласы бар.[3]
Хоббилерінің ішінде оқу, музыка және спорт бар.