Ел Кюлюг Баға Ышбара, Шаболио Ниету (т.-ө.ж.б.) — Түрік қағанатының қағаны (581 — 87), Тобо қағанның ұлы.
Ол Түрік қағанатының шығыс және батысқа бөліну қарсаңындағы ең қабілетті, алғыр, батыл қағаны болған. Осы кезеңде күшейіп, әрі түркілерге қарсы “қырғи қабақ” саясат ұстанған Суй әулетіне тойтарыс берді. 581 ж. өзінің одақтастары Датоу қаған және Або қағандармен біріге отырып, 400 мыңдық әскермен Суй империясының астанасы Чананьға дейінгі жерлерді қоластына қаратты. Алайда 6 ғ-дың 80-жылдарының аяғында өз жақтастары арасында басталған ала ауыздықтардың салдарынан қағанат әлсіреп, ыдырау үрдісі басталды.[1][2]
- ↑ Бичурин Н.Я., Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена, т. 1 — 3, М. — Л., 1950 — 53
- ↑ Гумилев Л.Н., Древние тюрки, М., 1961; Таным тармақтары, А., 1998