Бақауыз (Cymbarіa) – сабынкөктер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда 1 түрі – дауыр Б-ы (С. dahurіca) бар. Биікт. 10 – 15 см. Өсімдіктің сыртын қалың ақ түк басқан. Сабақтары бірнешеу, сирек дара болады. Сабақ түбіндегі жапырақтары қандауыр, сабақ бойындағылары ұзын, қарама-қарсы орналасады. Гүлі жапырақ қолтығынан шығады, күлтесі ірі, ашық сары түсті. Аталығы төртеу. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусым – шілдеде жемістенеді. Жемісі – жұмыртқа пішінді қорапша. Әсемдік үшін өсіріледі. Дауыр Б-ы Алтайда ғана кездесетін өсімдік болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |