Беде қоңыр көбелегі | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() ![]() | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Heliothis viriplaca (Hufnagel, 1766) | ||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||
|
Беде қоңыр көбелегі , зығыр қоңыр көбелегі (лат. Heliothis viriplaca, Heliothis dipsacea) – қоңыр көбелектер тұқымдасына жататын ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкесі. Қазақстанның далалы және орманды-далалы белдемдерінде кездеседі. Қанатының жайғандағы ұзындығы 30 – 35 см-дей. Көбелек 600 – 700, кейде 1500 жұмыртқа салады. Оны жарып шыққан жұлдызқұрт жасыл не қызғылт сұр түсті (ұзындығы 21 – 40 мм). Беде, зығыр, соя, мақта, кендір, арахис, күнбағыс, темекі, көксағыз, т.б. дақылдардың жапырағын, тұқым бүрін, тұқымын жеп қоректенеді, топырақ арасында (2 – 5 см тереңдікте) қуыршаққа айналады. Одан шыққан көбелек мамыр айының басында (оңт. аудандарында) не аяғында (солт-те) ұша бастайды. Жылына 2 – 3 рет ұрпақ береді. Негізгі күрес шаралары: Б. қ. к. қуыршаққа айнала бастаған кезде егістікті қопсыту, оның шөбі алынғаннан кейін сүдігер жырту, тех. дақылдар мен бұршақты өсімдіктер себілген жерлерге инсектицид (хлорофос, метафос, т.б.) шашу. [1]
Teasel Handles and Teasel Gigs in the Trowbridge Museum Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2011 жылы.
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |