Бедерлеу өнері - ежелден келе жатқан дәстүрлі қолөнердің бір саласы; ағаштан, сүйектен, мүйізден, былғарыдан, қыштан жасалған заттар мен алтын, күміс, мыс бұйымдарға түрлі әшекей, ою-өрнектердің ойылып бедерленуі. Көбінесе, зергерлік бұйымдар және ожау, астау, келі, келсап, кебеже, сандық, торсық сияқты тұрмыстық заттар жасауда қолданылады. Сәндік мақсатқа қоса белгілі бір заттың бетіне, табанына, қырларына беріктік, тұтқырлық сапа дарыту үшін ойық шаппашот, ыңғуыр, пышақ, сарнауық, қырғы, қашау, шекіме, т.б. арнаулы құралдар пайдаланған. Шеберлер сандық, кебежелерді қаптаған қаңылтырға ою-өрнектер сызып, оларды қуалай шекіме аспабымен із түсіріп, ұрып бедерлеген. Торсық жасағанда иі қанып, тобарсыған теріні ою-өрнекті ағаш қалыпқа қигізіп, ұрып бедер салады. Бедер түсіруші шеберлерді бедерші деп атаған. Бедерлеу өнері халық арасында бүгінге дейін өз жалғасып тауып келеді.[1]
![]() | Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|