Бенедикт Константинович (Наумович) Лившиц (6.01.1887, Одесса - 21.09.1938, Санкт-Петербург – орыс ақыны, аудармашы, футуризмді зерттеуші.
1887 жылы 6 қаңтарда Одессада дүниеге келген. Новоросийск және Киев университетінде заң факультетінде оқыған. Оқуын бітірген соң армияға кетеді. Азаматтық борышын өтеп болған соң, Киевке оралады. 1909 жылы Н.С. Гумилёвтың «Остров» журналында жұмыс істейді. 1910 жылы оның 3 өлеңі петербург журналы «Аполлонда», ал 1911 жылы «Флейта Марсия» атты бірінші жинағы жарық көреді. 1911 жылыдың қыс айында Лившиц суретші Александра Экстердің арқасында Бурлюк ағайындыларымен танысады. Ағайындылармен қосылып шығармашыл «Гилея» тобын құрады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде жарақат алған, көрсеткен батырлығы үшін Георгий крестімен марапатталған. 1914 жылы православиені қабылдайды.
1914 жылы Херсонда «Волчье солнце», 1922 жылы Киевте «Из топи блат», 1926 жылы Мәскеуде «Патмос», 1928 жылы «Кротонский полдень» өлең жинақтары шығады. 1928 жылы «Картвельские оды» кітабын жазуды бастаған.
Революцияға дейінгі кезеңде әдеби-шығармашыл аудармамен айналысқан. 1934 жылы француз тілінен аударған «От романтиков до сюрреалистов» атты аударма жинағы арқылы аты елге жайылған.
Әйелі – Е.К. Лившиц (1902–1987), ұлы – Кирилл Лившиц 1925 жылы туған, 1942 жылы Сталин соғысында қаза тапқан.
1937 жылы қазанда Лившиц тұтқындалып, 1938 жылы 21 қыркүйекте Юрий Юркунов және Валентин Стеничпен бірге атылу жазасына кесілген. Кейбір мәліметтерге жүгінсек оның жүрегі тоқтап қайтыс болған делінеді.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Benedict Livshits |