Беретта 38

"Беретта М1938" , "Modello 38", "МАВ" - Тулио Маренгони жүйесі бойынша жасалған итальяндық тапанша-пулемент. 1938 жылы ол итальян әскери қаруының қатарына алынды.

Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде "Беретта М1938" үлгісі мен оның кейінгі нұсқалары Италия менГерманияның, Румынияның әскери қаруының құрамында болды. Соғыс аяқталған соң Аргентина мен Пәкістанға тасымалданды.

Бұл үлгіні жасап шығару үшін көп қаржы мен уақыт кетті. Сондықтан соғыс кезінде оның жеңілдетілген нұсқасы "Беретта 38/42" үлгісі жарық көрді.

"Беретта 38/42" үлгісін жасағанда алдыңғы нұсқаның барлық кемшілігі есепке алынып, жоғарғы сапалы қаруды жасау үшін мамандар көп еңбек етті.

"Беретта 38/42" үлгісінің ерекшелігі - дүмі қысқа болуымен қатар, жекелей және автоматты түрде ататын екі шүріппесі бар."38/42" үлгісінің сырт көрінісі ғана өзгертілген "Беретта 32А" үлгісі болғандықтан, оны шығаруға кететін шығын мәселесі ұзақ талданды.

Бұл - қарудың влғашқы үлгісі "Беретта 18" бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайдаланылған Виллар Пероса тапанша-пулементіне негізделіп жасалған болатын.

Беретта үлгілері тактикалық - техникалық тұрғыдан барынша жақсы сипатқа ие . Сенімді әрі пайдалану ережесі қарапайым.Жинап - құрастыру тұрғысынан да ыңғайлы, бірақ өндірістік қасиеті төмен. Бұл қару 1950 жылға дейін қолданылды.

38-ші үлгінің ұңғысы ағаштан жасалған, ұзындығы - 800 метр, салмағы 3,3 келі. Алғашқы "М38" автоматында жиналатын пышақ енгізілген. Бірақ кейінгі үлгілер пышақсыз жасалады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1100 қызықты деректер