Бесбақан тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Пайда болған кезеңі | |
Биіктігі |
4622 м |
Орналасуы | |
Елдер | |
| |
|
Бесбақан тауы – Жетісу Алатауының оңтүстік сілеміндегі Сарқан жотасындағы тау. Кіші Басқан асуының оңтүстік-батысында орналасқан.
Жетісу облысы Ақсу ауданы жерінде.
Абсолюттік биіктігі 4622 м. Жетісу Алатауының ең биік жері. Таудың биік белдеулерін мұздықтар басып жатыр. Мұздықтардың көпшілігі дерлік таудың солтүстік беткейлерінде. Осы беткейден Кіші Басқан өзені бастау алады.
Жер қыртысы төменгі палеозойдың кристалды тақтатас, кварцит, гнейс, әктас, мәрмәр жыныстарынан түзілген. Таудың жоғарғы бөлігінде палеозой граниттері кездеседі. Солтүстік белдеуінде субальпілік шалғындар және Тянь-Шань шыршасы мен самырсын ағаштары өседі.[1]