Биса | |
буса, бусава, бусано | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
400 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Буркина-Фасо |
150 000 |
Гана |
150 000 |
Нигерия |
70 000 |
Бенин |
30 000 |
Тілдері | |
Діні | |
Биса (буса, бусава, бусано)[1] — Африканың солтүстік-батыс елдерінде тұратын халық.[2] Жалпы саны 400 мың адам. Негізгі қоныстанған елдері: Буркина-Фасо – 150 мың адам, Гана – 150 мың адам, Нигерия – 70 мың адам, Бенин – 30 мың адам.[3]
Тілі - нигер-кордофан отбасының манде тобының биса тілі, диалектілері: биса (Гаранго ауданы) және лебир (оңтүстік-батыс). Көптеген бисалар море тілінде екінші тіл ретінде сөйлейді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген.[4]
Дінге сенушілердің діни байланысы: сүнниттік мұсылмандар.[5]
Шаруашылықтың негізі - қолмен атқарылатын егіншілік (күріш, жержаңғақ, тары, бұршақ, жүгері, ямс, карите жаңғағы, бұршақ дақылдары), ірі қара мал фулбені бағады. Көркем қолөнерден — қола және күміс құю, зергерлік бұйымдар, тоқу, қыш өнері дамыған.[6]
Негізгі әлеуметтік бірлік – үлкен патриархалдық отбасы. Туыстас рулық топтармен сипатталады (ду). Неке патрилокальды. Биліктің дәстүрлі институттары – ауыл, аудан басшысы.
Үйлері төртбұрышты, жеке ғимараттар - көп балалы отбасы тұратын дөңгелек ауланы құрайды.
Ерлер киімі – кең жейде мен шалбар, әйелдердікі - ұзын, тігілмеген белдемше.
Негізгі тағам -дәмдеуіштер қосылған пісірілген күріш, тары ботқасы, бұршақ тағамдары, тары сырасы.[6]