Блокада

Блокада [1] - [франц. blockade - қоршау, бекітіп тастау] -

  1. әдейі ұйымдастырылған талаптарды мойындауға мәжбүр ету үшін бір мемлекеттің немесе оның бір бөлігін сыртпен байланысын тоқтатуға (саяси, экономикалық, әскери, дипломатиялық) бағытталған күштеп жүргізілетін шаралар жүйесі;
  2. жаудың қарсыласын басып тастау үшін, сырттан қосымша әскери күшті, техниканы, әскерге керекті заттарды келтіруге шек қою не толық тыйым салу;
  3. бір мемлекеттің экономикасына зиян келтіруге шаруашылығын оқшаулатуға бағытталған экономикалық Блокада жер үсті, теңіз үсті, әуе жолы арқылы болып бөлінеді. Блокада кезінде нейтралды мемлекеттер Блокадада тұрған мемлекеттермен еркін сауда жүргізе алмайды. 1918-1920 жж. империалистік мемлекеттер қарулы интервенциямен жас Совет республикасына Блокада жүргізді. II дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ соғыс жарияламай, заңсыз КНДР, Куба, ДРВ, Никаруга теңіз жағалары мен порттарына Блокада жариялады. Қазіргі халықаралық құқықта, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциясынсыз орындалған, кез келген Блокада агрессия түрінде қаралады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3