Iris bloudowii | ||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||||||
Iris bloudowii Ledebour | ||||||||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||||||||
|
Блудов құртқашашы (лат. Iris bloudowii) – құртқашаштар тұқымдасының құртқашаш туысына жататын өсімдік. Онша көп емес Қазақстандық түрдің біреуі. Гүлінің түсі жиі таза сары болып келеді. Aлтай, Тарбағатай және Жоңғар алтауында (тек Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының көлемінде) шабындықты беткейлерде, орман алаңқайларында өседі. Тамырсабақты көпжылдық шашыраңқы түп құрушы. Жапырағы таспа тәрізді (ені 1 см), төменгілері 3 - 5 ораққа ұқсап аздап иәлген. Сабақ түбіне шоқтана жиылған, сабағының биіктігі 30 см - ге дейін, екіден - төрттен барынша қысқа жапырақты және екі ірі (диаметрі 5 - 7 см - ға дейін) гүлімен. Олардың түсі - ашық, жылтырауық сары, жіңішке күлгін жүйкелі. Гүлдердің түтіктері өте қысқа, сыртқы жапырақшалары ортасына келгенде жіңішке түтіктерден қалың сақал құрайды. Бұл түр көктемнің соңында гүлдейді - жаздың басы (мамыр-маусым). Жемістері сопақ, алты қырлы қорапша, көп санды дөңгеленген - күңгірт қоңыр тұқымдарымен. Тұқымдарының ұсақ ашық түсті қанатшалары арқылы таралады. Тұқымды құмырсқалар таратады. Тамаша декоративті түр, мәдени түрде жақсы өседі. Аязға төзімділігіне байланысты сұрыптауда қызығушылық тудыруда қайқиған жапырақшалары сәл ғана оралған, бұйралау. Осыдан келіп түрдің орысша атауы шағады. Аталықтары ірі қошқыл күлгін тозаңдарымен тиімді оқшауланады. Тозаңдар өздерінің ортаңғы бөліктерімен жіпшелерге ілінген, сондықтан ашық гүл ішінде тербеліп тұрады. Бұл түрдің гүлдеу мерзімі маусым - шілде, шілде - тамызда жеміс береді. Жемістері ірі, алты қырлы, үшкір қабырғалары бар қорапша, өзінің қайталанбас ерекшелігімен көңіл аудартады. Тұқымы қоңырлау, сарытегіс үш ұяшықтың әр қайсысына екі қатарлап жинақтала қойылған. Піскен қорапшалар бас жағындағы сызаттардан қақырайды және тұқымсабақ тербелгенде шашылады. Сұрыптауда алынған 100 - ге жуық түр бар. Пиязшықтары шикі және қайнтқан күйінде жеуге жарамды, кейбір жерлерде кофенің орнына және қойдың ірімшігіне азықтық қосымша есебінде пайдаланады. Олардан мата үшін қара бояу алынады. Халықтық медицинада пиязшығының тұнбасын бауыр ауырғанда, нерв шаршағанда, шикі күйінде ревматизмді, түрлі қабынуларды және жараны емдеуге қолданады. Гүлдері аралар үшін шірне көзі болып табылады. Гүлшоқтары үшін жаппай динау пиязшықтарын ұдай қазу бұл бағалы түрдің азайып кетуіне жол ашады, сондықтан ол Қазақстанның Қызыл кітабының екінші басылымына ұсынылған. [1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |