Богумир Шмераль

Богумир Шмераль

Богумир Шмерал (чех. Bohumír Šmeral, 1880 жыл 25 қазан, Тршебич — 1941 жыл 8 мамыр, Мәскеу) — чех саясаткері және коммунистік қозғалыс қайраткері, Чехословакия Коммунистік партиясының (ЧКП) негізін қалаушылардың бірі.

Еңбек жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Прагадағы Карл университетінің заң факультетін бітіріп, онда 1904 жылы құқық докторы дәрежесін алды. 1897 жылы Чехословян социалистік-демократиялық жұмысшы партиясына (1918 жылы желтоқсаннан Чехословак социалистік-демократиялық жұмысшы партиясы) кірді. 1899 жылдан оның орталық органы, ал 1906 – 18 жылы редакторы. 1909 жылы социалистік-демократиялық партияның Орталық Атқару комитетіне (ОАК) мүше болды. 1911 – 17 жылы ОАК Президиумының құрамына сайланды, 1914 – 17 жылы оның председателі. 1911 – 18 жылы социалистік-демократиялық партиядан Аустрия рейхсратына депутат. Ресейдегі Ұлы Қазан социалистік революциясын қолдады. Шмераль 1918 жылғы 14 қазандағы жалпыға бірдей саяси ереуілді ұйымдастырушылардың бірі. Чехословакия құрылғаннан кейін, социалистік-демократиялық жұмысшы партиясының (1919 жылдың аяғынан марксистік солшыл партия) сол қанатын басқарды.

1920 жылы Ресейге келді, В. И. Ленинмен бірнеше рет кездесті. «Кеңестік Ресей туралы шындық» (чехословак тілінде, 1920) атты кітап жазды.

Чехословакия Коммунистік партиясының Құрылтай съезінде (1921 жылғы мамыр) негізгі баяндама жасады. Шмераль 1921 – 29 және 1936 жылдан ЧКП ОК-нің мүшесі. ЧКП-нан Чехословакия Халық жиналысына депутат (1920 – 29), Ұлттық жиналысқа сенатор (1935 – 38) болды. 1922 – 35 жылы Коммунистік Интернационал Атқару комитетінің және Коммунистік Интернационал Атқару комитеті Президиумының мүшесі. 1935 жылдан Коммунистік Интернационалдың Интернационалдық бақылау комиссиясының мүшесі. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ совет энцеклопедиясы. 6 том.