Бозгүлжапырақ | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||||
Coeloglossum viride (Карл Линней) Hartm. | ||||||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||||||
|
Бозгүлжапырақ (лат. Coeloglossum) – сүйсіндер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Алтайда, Тарбағатайда, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында, Талас Алатауында сирек орманды және ашық жерлерде, тау шалғындарында өсетін түрі жасыл Бозгүлжапырақ (C. vіrіde) бар. Биікт. 10 – 35 см. Топырақ астындағы түйнек тамырлары бірнеше бөлікке тарамдалып, ұштары жіңішкерген.Сабағы қоңырқай түсті. Жұмыртқа, эллипс, қандауыр тәрізді жай жапырақтары (ұзындығы 3 – 8 см, ені 3 – 5 см) сабаққа кезектесіп орналасады. Сарғыш жасыл гүлдері (ұзындығы 2 – 10 см), шашақ кейде масақ гүлшоғырына біріккен. Гүлқоршауында тозаңдану кезінде бейімделген шыбын-шіркей қонатын ернеуі бар. Маусымда гүлдеп, шілдеде жемісі піседі. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымдары майда, құрамында белок болмайды.[1]