Болотбек Төленұлы Шәмшиев (12 қаңтар 1941 жылы туған, Бішкек) — қырғыз кинорежиссері, сценарийші, Қырғыз КСР-інің (1975) және КСРО-ның (1991) халық артісі.
- 1964 жылы Мәскеу қаласындағы кинематография институтының режиссерлік факультетін (М.И. Роммның шеберханасы бойынша) бітірді.
- Кинодағы қызметін 1960 жылы актер ретінде бастады.
- 1964 жылдан “Қырғызфильм” киностудиясында режиссер ретінде қызмет етті.
- 1968 ж. М.Әуезовтің “Қараш-қараш” атты шығармасын экрандады.
- “Ыстықкөлдің алқызыл гүлдері” (1970)
- “Ақ кеме” (1976)
- “Ерте келген тырналар”
- “Ел ішінде” (1978)
- “Қасқыр апаны” (1984) секілді көркем фильмдерді қойып, қырғыз кино өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Кең тыныстылық, кейіпкерлер мінезінің қат-қабат сырын ашу, қарапайым өмір мәселелерінен ең күрделі әлеуметтік-философиялық ой түю — оның қойған фильмдеріне тән қасиет.
Ол сонымен бірге фильм сценарийлерін жазуға да қатысты.
- Қырғызстан Ленин комсомолы сыйлығы (1969)
- КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1977).
- 2 рет “Құрмет белгісі” ордені
- бірнеше медальдармен марапатталған. [1]