Борис Александров атындағы спорт сарайы

Борис Александров атындағы спорт сарайы
Орналасуы

Өскемен

Қаланғаны

16 наурыз 1964 жылы

Ашылған

31 желтоқсан 1968 жылы

Жаңартылған

2001 (қайта жаңғырту)
2012 (қасбетті жаңарту)

Иесі

Қазмырыш

Сыйымдылығы

4 400

Команда

«Торпедо» ХК (ЖХЛ)
«Алтай» ЖХЛ (ЖХЛ)

Борис Александров атындағы спорт сарайы (Шығыс Қазақстан облысы)

Борис Александров атындағы спорт сарайыӨскемен қаласындағы мұзайдыны сарайы. ЖХЛ ойнайтын «Қазмырыш-Торпедо» хоккей командасы өз алаңындағы ойындарын осында өткізеді. Орналасқан жері: Абай даңғылы 2, Өскемен, Қазақстан.

Спорт сарайы 1964 жылдан 1968 жылдар аралығында салынды. Қазақстанда алғаш рет сарай ғимаратын салу кезінде 64 метрлік шатыр фермалары қолданылды, КСРО-да алғаш рет негізгі алаңмен бірге жаттығу мұз алаңы салынды. Бастапқыда негізгі аренаға 5200 көрермен сыятын болса, 2001 жылы жүргізілген ауқымды қайта жаңартудан кейін орын саны 4400-ге дейін қысқарды. Сарайдың іші бірнеше рет елеулі өзгерістерге ұшырады, бірақ ғимараттың сырты өзгеріссіз қалып отырды.

2011-2012 жылы қыста ғимараттың өзі жаңартылмай қасбеті ауыстырылды. Сәулетшілердің ойы бойынша, жаңа қасбет қақпашының бас киіміне ұқсайды. Сонымен қатар, ғимараттың жанында хоккей ойыншысына арналған ескерткіш пен үлкен бүгілген жарықдиодты экран пайда болды.