Бостандық ауданы (Өзбекстан)

Аудан
Бостандық ауданы
өзб. Boʻstonliq tumani, Бўстонлиқ тумани
Әкімшілігі
Ел

 Өзбекстан

Кіреді

Ташкент облысы

Әкімшілік орталығы

Ғазалкент

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1963 жылы

Жер аумағы

4,94 км²

Биіктігі
· Ең биік


Аделунга шыңы 4301 м

Уақыт белдеуі

UTC+5

Тұрғындары
Тұрғыны

142,9 мың адам (2000)

Ұлттық құрамы

өзбек, қазақ, тәжік, орыс, украин, т.б.

Ресми тілі

Өзбек (қазақ тілі де кеңінен тараған)

Телефон коды

+998

Автомобиль коды

10-19

Бостандық ауданы картада

 Басқа мағыналар үшін Бостандық ауданы деген бетті қараңыз.

Бостандық ауданы (өзб. Boʻstonliq tumani, Бўстонлиқ тумани) — Өзбекстанның Ташкент облысының солтүстік-шығысындағы әкімшілік бірлігі. Әкімшілік орталығы – Ғазалкент қаласы. Солтүстігінде Қаржан тауы арқылы Оңтүстік Қазақстанның Қазығұрт ауданымен, шығысында Қырғызстанның Талас облысымен, оңтүстік-шығысында Өзбекстан Республикасының Наманган облысының Поп ауданымен, солтүстік-батысында Ташкент облысының Қибрай ауданымен, оңтүстігінде Жоғары Шыршық, Паркент, Охангарон аудандарымен шектеседі.

Бұл аудан Тянь-Шаньның ықпалындағы таулы өлкеде орналасқан. Бостандық ауданы өзінің экономикалық жаңғыруын 1963 жылғы өзінің территориясында Шарбақ СЭС-інің құрылысының басталуымен байланыстырады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Бостандық ауданының территориясында Ташкент пен Өзбекстанның басқа да қалаларының тұрғындары үшін санаториялары және басқа да демалыс орындарымен танымал. Бұлар: Шымған, Шарбақ, Шарбақ су қоймасы, Бричмулла, Құмсан.

Өзбекстан құрамына өтуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бостандық ауданы 1956 жылға дейін Қазақстан Түркістан облысының әкімшілік құрамына қарап келген. 1956 жылғы 13 ақпандағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақ КСР-і мен Өзбек КСР-інің арасындағы шекараларына жекелеген өзгерістер енгізу туралы» Қаулысымен Бостандық ауданы түгелімен Қазақ КСРі құрамынан Өзбек КСРі құрамына берілген.

Айнала Батыс Тянь-Шаньның биік және орташа таулары - Қаржантау, Өгем, Талас Алатауы, Піскем, Шатқал, Шымған тау жоталары жүйесі қоршап жатыр. Ең ірі өзені – Шыршық өзені, және оның сағалары болып табылатын Піскем, Шатқал, Өгем секілді бірнеше өзендер ағып өтеді. Аудан территориясының солтүстік-шығыс бөлігін орай Өгем-Шатқал табиғи ұлттық паркі орналасқан. Шымғанда тау шаңғысы базасы бар.

Халқының этникалық құрамы негізінен өзбектер, қазақтар, тәжіктер.

Танымал тұлғалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бейжің олимпиадасының чемпионы, танымал боксшы - Бақыт Сәрсекбаев Павлодар қаласында туылғанмен, осы Бостандық ауданының Табақсай ауылындағы атасы мен әжесінің қолында өскен, тәрбиеленген.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]