Үлгі:Infobox Political party Біріккен малайлық ұлттық ұйым (малайша Pertubuhan Kebangsaan Melayu Bersatu , БМҰҰ) - 1957 жылы тәуелсіздікті алған күнінен бері билеуші партия болып табылады. Қазіргі таңда БМҰҰ мүшелігіне 2,8 миллионнан астам адам кіреді. Партия мүшесі ретінде жасы 18 асқан, ұлты малай азаматтар бола алады. БМҰҰ құрылымы негізгі ұйымнан (40 жастан үлкен ер адамдар), «Wanita» әйел ұймынан (35 жастан үлкен әйелдер) және екі жас одақтардан – ер «Youth» және әйел «Puteri» ұйымдарынан тұрады. Ең алғашынан БМҰҰ негізгі саяси платформасы болып «малайлықтардың басымдығы» және бір қалыпты ислам пропагандасын қамтамасыз ету болып табылды. 1969 жылы Малайзияда малайзиялық қоғамның әлеуметтік-экономикалық мәселесін ушықтыра түскен этникааралық қақтығыстар орын алды: малай көпшілігі негізінен жағдайы төмен ауыл тұрғындарынан тұрды, этникалық қытайлар орта классты құрады және қалалық тұрғындар болып табылды. Малайлықтар ұлттық экономиканың 2,4%-н басқарды, қытайлықтар – 30% қамтыды, елдегі бизнестің 65%-ы шетелдік қатысумен жүзеге асырылды. Қан-жоса қақтығыстар малайлықтардың ел экономикасына қатысу талпынысының жоғарылауынан, бір жағынан қытай диаспорасының биліктегі аса ауқымды өкілеттікке ие болу мақсатынан туындады. Бұл жағдайлар саяси элитаны халықтың «малаизациясына бағытталған» ұлттық саясаттың болашағы жоқ екендігін көндірді. Нәтижесінде, 1974 жылы БМҰҰ 13 партиядан тұратын «Барисан Насиональ» басқарушы коалициясын құруды ұсынды «Ұлттық фронт». Ұлттық фронттың жетекші күші БМҰҰ, Малайзияның қытайдық ассоциациясы (МҚА) және Малайзияның үнді конгресі (МҮК) болып табылды. Партиялық коалицияның төрағасы болып БМҰҰ президенті саналды.