Бұдыр мия | ||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||||||
Glycyrrhiza aspera Pall. |
Бұдыр мия (Glycyrrhіza aspera) – бұршақ тұқымдасы, мия туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның қуаң далалы, шөлейтті аймақтарында өседі. Биіктігі 8 – 40 см-дей. Сабағы сирек бұтақталған, сыртын қалың безді тікен жауып жатады, осыған байланысты оны Бұдыр мия деп атайды. Тақ қауырсынды жапырақтарының ұзындығы 3 – 12 см, ал бөбешік жапырақтары қандауыр немесе жұмыртқа тәрізді болады. Ақшыл күлгін түсті гүлдері шашақ гүлшоғырын құрайды. Аталығы – 10, аналығы – біреу, ол 1 жеміс жапырағынан тұрады, бір ұялы. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс береді. Жемісі – сәл иіліп келген бұршаққап. Сырты тегіс, көп тұқымды, бүйрек тәрізді, қоңыр түсті болады. Тамырында глюкоза, сахароза, крахмал, биол. активті заттар (флавонид, т.б.) бар. Бұдыр мия медицинада, тамақ, тері илеу өнеркәсіптерінде пайдаланылады.[1][2]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |