Бұршақ бітесі

Бұршақ бітесі

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Буынаяқтылар
Табы: Жәндіктер
Сабы: Жартылай қатты қанаттылар‎
Кіші сабы: Sternorrhyncha
Ұлы тұқымдасы: Aphidoidea
Тұқымдасы: Aphididae
Тегі: Acyrthosiphon
Mordvilko, 1914
Түрі: A. pisum
Екі-есімді атауы
Acyrthosiphon pisum
Harris, 1776
Кіші түрлері
  • A. pisum pisum (type)
  • A. pisum ononis Koch, 1855
  • ?A. pisum spartii Koch, 1855
  • ?A. pisum destructor Johnson, 1900

Бұршақ бітесі (лат. Acyrthosiphon pisum) – теңқанаттылар отрядының бітелер тұқымдасына жататын жәндік. Дүние жүзінде кең тараған. Қазақстанның орманды-дала және далалы аймақтарында кездеседі. Дене тұрқы 4 – 5 мм-дей, жасыл түсті. Бұршақ бітесі – ас бұршақ, жасымық, сиыр жоңышқасы, беде, эспарцет, т.б. бұршақ тұқымдастарына жататын өсімдіктердің қауіпті зиянкестері. Бұршақ бітесі күзде бұршақ тұқымдас өсімдіктерге жұмыртқа салады. Қыстап шыққан жұмыртқалардан ерте көктемде дернәсілдер жетіліп шығып, олар ұрғашы бітеге айналады. Көктемнен күзге дейін 10 ретке дейін партеногенездік (жыныссыз) жолмен көбейеді. Бір ұрпақтың жетілуіне 10 – 15 күн керек. Әсіресе, жауын-шашынды жылы тым көбейіп кетеді. Бұршақ бітесі түскен өсімдік әрі қарай өспей, бірте-бірте солып, қурап кетеді. Күрес шаралары: егістікке культивация жүргізу, бұршақ тұқымдас өсімдіктерге инсектицидтер шашу.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы II том