Бәйкен Әшімұлы Әшімов (10 тамыз 1917, бұрынғы Ақмола облысы Көкшетау уезі, Айыртау болысы Шабанбай би ауылы (қазіргі Ғабит Мүсірепов ауданы) - 5 ақпан, 2010, Алматы) — Кеңес одағының саяси, мемлекеттік және қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1977).
Әкесі Әшімнің ұлы дүниеге келгеннен кейін алты айдан соң көз жұмыпты. Анасы Сақып ерінің соңында ұлын өсіреді. Арғын тайпасының Атығай руынан шыққан.[1].
- Петропавлға келіп ФЗО-ға түседі.
- Қызылжар ауыл шаруашылығы техникумын (1938) бітірген.
- Сол кездегі қазақ жастары үшін таңсық кәсіп-агрономдық мамандықты игеруге аңсары ауып, қиырдағы Ленинград қаласына бағын сынауға келеді. Ленинградтағы зоология және фитопотология институтына түсіп, агроном-ғалым мамандығын (1957) алып шығады.
- КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебін (1969) бітірген.
- 1938 — 41 ж. армия қатарында
- 1941 — 42 ж. Айыртау ауданы орта мектебінің мұғалімі болды.
- 1942 — 45 ж. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты.
- 1945 — 61 ж. Айыртау, Зеренді аудандарында және Көкшетау облысы партия комитетінде басшылық қызметтер атқарды.
- 1961 — 70 ж. Қарағанды, Талдықорған облыстарын басқарды.
- 1970 — 84 ж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
- 1984 — 85 ж. Қазақ КСР Жоғорғы Кеңесі Төралқасының төрағасы болды.
- 1985 жылдан дербес зейнеткер.
Тың жерлерді игеру және Қазақстанның ауылдық жерлерінің экономикасын көтеру жұмыстарына белсене араласқан. Осы кезеңдерде Қазақстанда: