Ауыл | |
Бөкейхан | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округ | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
46°32′43″ с. е. 48°45′59″ ш. б. / 46.54528° с. е. 48.76639° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 46°32′43″ с. е. 48°45′59″ ш. б. / 46.54528° с. е. 48.76639° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1870 |
Бұрынғы атаулары |
Котяевка |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▲1789 адам (2021) |
Этнохороним |
бөкейхандық, бөкейхандықтар |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
06 |
ӘАНК коды |
234637100 |
Бөкейхан шекарасы
|
Бөкейхан (2022 ж. дейін — Котяевка[1]) — Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы ауыл, Бөкейхан ауылдық округінің орталығы.
Аудан орталығы – Құрманғазы ауылынан батысқа қарай 45 шақырым жерде, Еділдің сол тармағы – Қиғаш өзенінің Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны қиып өтетін тұсында орналасқан. Іргесі 1870 жылы қаланды.
Котяев ауылының негізі көнекөз қариялардың айтуы бойынша 1870 жылдары қаланған. Жергілікті тұрғын Өтепбергеновтің жазбасындағы мәліметтер: 1873 жылы қазіргі ескі паром тұсына, Қиғаш өзенінің жағасына орыстар қоныс аудара бастаған. Олар балық батағаларын ашып, балық аулаумен айналысқан. Солардың басшыларының бірі орыс көпесі Котяев деген азамат болады. 1910-1915 жылдары осы жерге Байда, Байғара ауылдарынан орыс, қазағы бар тұрғындар көшіп келіп, үлкен ауылға айналады. Сөйтіп кейіннен ауыл атауы сол Котяевтің тегіне байланысты солай аталып кеткен. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде балық аулау артелінің, 1957 жылдан бастап “Память Ильича” атты балық аулау ұжымшарының және Байда ауылдық кеңесінің орталығына айналды. 1997 жылдан бастап оның негізінде “Еділ” өнеркәсіптік кооперативі құрылды.[2] 2007 жылдың қазан айында Котяевка маңында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы үкіметтерінің келісімі бойынша Қиғаш өзені арқылы өтетін шекаралық көпір іске қосылды.[3]
1989 жылы елді мекенде 1622 адам тұрған.[4] 1999 жылы тұрғындар саны 1710 адам (815 ер адам және 895 әйел адам) болса, 2009 жылы 1765 адамды (869 ер адам және 896 әйел адам) құрады.[5]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1789 адамды (892 ер адам және 897 әйел адам) құрады.[6]
Орта мектеп, балалар бақшасы, мәдениет үйі, емхана, кітапхана, байланыс бөлімі, спорт кешені т.б.бар.
20-дан аса шаруа қожалықтары, 50-дей кәсіпкерлік құрылымдар бар, сауда дүкендері, тұрмыстық қызмет мекемелері жұмыс істейді. Котяевка арқылы Атырау – Астрахан автомобиль жолы өтеді.[9] Котяев ауылында Құрманғазы шекаралық кеден бекеті жұмыс істейді,
|