Резанцев Валерий Григорьевич (8.10.1946 ж. т., Ресей, Новомосковск қ.) — палуан, грек-рим күресінен КСРО-ның еңб. сің. спорт шебері (1970).
Жаттықтырушысы — В.А. Псарев. Қазақстан және халықар. жарыстардың жеңімпазы. КСРО-ның ('1969 — 70, 1972 — 73, 1975 — 76), Еуропаның (1970, Берлин, Германия; 1974, Хельсинки, Финляндия; 1973, Мадрид, Испания), әлемнің бес дүркін чемпионы (1970 — 75). 20 — 21-Олимпиялық ойындардың жеңімпазы (1972, Мюнхен, Германия; 1976, Монреаль, Канада).
1970 жылдан 1976 жылға дейін бірде бір рет жеңілмей Гиннестің рекордтар кітабына енген.
2 рет “Құрмет белгісі“ (1970, 1972) және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен (1976) марапатталған.[1]
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|