Ван Чуаньфу

Ван ЧуаньфуҚытай кәсіпкері, BYD компаниясының президенті, миллиардер.

1966 жылы Қытайдың кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Ол мектепке бармай тұрып ата-анасы қайтыс болғандықтан ағасы мен әпкесінің тәрбиесінде болады. Орталық–Оңтүстік технологиялық университетінде химия саласында жоғары білім алған.

1990 жылы Бейжің Tүрлі-түсті металлургияны зерттеу институтында магистр дәрежесін алады. 29 жасына дейін мемлекеттік қызметтерді атқарып, Шэньчжэнь қала маңында BYD жеке компаниясын құрады. Компания ұялы телефондардың қуат көзіне қажетті құралдарды шығарумен айналысады. Компания басшысы Еуропа және Америкада өз өнімдерін кеңінен таратып, Жапонияның ірі компанияларына бәсекелес бола алатындығын мәлімдеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]