Василиск Гнедов (шын есімі — Василий Иванович Гнедов) – орыс ақыны.
1890 жылы 6 наурызда Дон облысы, Маньково Берёзовская Дон округінде дүниеге келген. Ростове-на-Донуда орта-техникалық училищеде оқыған.
1912 жылы Санкт-Петербургке келеді, эгофутуристерге қосылады. Эгофутуристердің бірнеше жинағының жарық көруіне өз үлесін қосады.
1913 жылы «Санкт-Петербургский глашатай» баспасында екі өлең жинағы жарық көреді: «Гостинец сентиментам» және «Смерть искусству: пятнадцать (15) поэм»; 1914 жылы — «Книга Великих» (П. Широковпен бірлесе отырып).
1915-1916 жылдары Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысады. 1921 жылы инженер болып жұмыс істейді (өлең жазуын тоқтатпайды).
1936 жылы қуғынға ұшырап, өмірінің 20 жылын лагерьде өткізеді.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|