Виктор Иванович Хохряков

Виктор Иванович Хохряков

Виктор Иванович Хохряков (26.07.1913 жылы туған, Уфа-1986) - орыс кеңес актері, режиссер, КСРО халық артисі (1973). 1939 жылдан КПСС мүшесі.

1933 жылы Ленинградтың театр техникумын бітірді. Н.В.Петровтың шәкірті. 1933-40 жылдары Харьковтың орыс драма театрында, 1940-53 жылдары Мәскеудің транспорт театрында қызмет етті. 1953 жылдан Кіші театрдың құрамында актер.

Негізгі рөлдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Глоба (Симоновтың "Орыс адамдарында"), Вершинин (В.Ивановтың "Бронепоезд 14-69-ында"), Овчаренко (Корнейчуктың "Қанатында"), Живота (Нушичтің "Философия докторында"), Митрич (Л.Толстойдың "Қараңғылық патшалығында") т.б. спектакльдер қойды. 1947 жылдан киноға түскен. Проценко ("Жас гвардия", 1948), Милягин ("Ұлы күште", 1950), Вася ағай ("Барабаншының тағдырында", 1956), Бальзак ("Оноре де Бальзактың қателігінде", 1969) т.б.

Гастрольдік сапармен 1969 жылы Алматыда өнер көрсетті.

Сыйлықтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты (1949, 1951). Қазан Революциясы орденімен және басқа 2 орден, медальдармен марапатталған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 51 бет