Вискотт сары көбелегі

Вискотт сары көбелегі — Желтушка Вискотта Colias wiscotti draconis Grum-Grzhimailo, 1890. Ақ көбелектерге жатады.Бөлектеніп кездесетін Батыс Тянь-Шянь түршесі,басты атаудағы түршеден едәуір ерекшеленеді. Тек Батыс Тянь-Шаньда тіршілік етеді.2500–3000 м биіктіктегі солтүстік баурайындағы түрлі шөпті-шалғынды жерлерде кездеседі. Бұл жерлер үнемі малдың шектен тыс жайылуына ұшырап отырады. Жылына бір рет ұрпақ береді. Көбелектер шілдеде ұшады. Жұлдызқұрты мен қоректік өсімдігі белгісіз. Түршені қорғау үшін таралуын, тіршілік ортасын және биологиясын жете зерттеу қажет.Оның Ақсу-Жабағылы қорығында.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Минтяев, Р.В. Ященко, В.Л. Казенас.