Владимир Владимирович Седов

Владимир Седов
Жеке мағлұматтар
Жынысы

ер

Толық есімі

Владимир Владимирович Седов

Азаматтығы

 Қазақстан

Мамандандыру

ауыр атлетика

Туған күні

2 наурыз 1988 (1988-03-02)

Туған жері

Үштөбе, Қаратал ауданы, Қазақ КСР, КСРО

Қайтыс болған күні

26 маусым 2023 (2023-06-26) (35 жас)

Қайтыс болған жері

Достық, Қаратал ауданы, Қазақстан

Бойы

173 см

Салмағы

94 кг

Владимир Владимирович Седов (2 наурыз 1988, Үштөбе қаласы26 маусым 2023[1], Достық ауылы) — қазақстандық ауыр атлетші, 94 кг дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы (2009).

Спорттағы жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Азия чемпионы (2009)
  • Қазақстан чемпионы (2009), (2011)
  • Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2011)

Владимир 2008 жылғы Пекин олимпиадасында қолында тұрған қола медальді сусытып алды. Седов жұлқада 180 кг салмақты еңсерген. Серпе көтеру сынын 200 келімен аяқтап, Олимпиада ойындарында 4 орынды місе тұтты. Араға бір жыл салып Владимир Седов тұғырға қайта көтерілді. Алдымен Талдықорғанда өткен Азия чемпионатына қатысып жұлқа көтеруде 183 кг салмақты еңсерсе, серпе көтеруде 215 келі салмақты еңсеріп 1 орын алды. Кейін Оңтүстік Кореяның Коян қаласында өткен әлем біріншілігіне қатысып Әлем чемпионы деген атаққа қол жеткізді. Осы бәсекеде Владимир жұлқада 185, серпеде 217 келі көтеру арқылы әлем чемпионы атанды. Бір жылдан кейін Түркияда жалауы желбіреген әлем біріншілігінде Володя серпе көтеруде сең соқты. Алдымен жұлқа көтеру жаттығуында 180 келі зілтемірді басынан асырды. Серпе көтеру жаттығуында Седов 210 келі еңсеріп әлем біріншілігінде 6 орынға жайғасты. Келесі жылы Владимир жарақатқа бой алдырды. Бірнеше уақыт тыныққан спортшы бабына бірден ене қоймады. Алдымен Тонглинде өткен Азия чемпионатына қатысып күміс медаль ұтып алды. Алдымен 180 келіні жұлқа көтерген Владимир 207 келіні серпе көтерді. 2011 жылғы Қазақстан чемпионатында Владимир 94 кг дейінгі салмақта Илья Ильинге жол беріп екінші орын алды. 2011 жылғы әлем чемпионатына В. Седов 105кг дейінгі салмақта сынға түсті. Нәтижесінде бәсекені 16 орынмен аяқтады. Ол жұлқада 180 келі зілтемірді еңсерген, 205 келіні серпе көтеруде еңсерді. 2012 жылы өтетін Жазғы Олимпияда ойындарына лицензия беретін соңғы турнир Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионаты болатын. Осы сынға Владимир де қатысты. Жұлқа көтеру жаттығуында алдымен 182 келіні еңсерді. Кейін 187 келі салмақты көтеріп,үшінші мүмкіндігін орындай алмады. Серпе көтеру сынында Седов қателікке бой алдырды. Седовтың қобалжуға бой алдырып қойды да 217 келі зілтемірді үш мүмкіндігінде де орындай алмады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Olympedia  (ағыл.) — 2006.