Владимир Иванович Федосеев

Владимир Иванович Федосеев(1932 жылы туған) — ресей дирижёрі, баянист. КСРО-ның халық әртісі (1980).

М. П. Мусоргский атындағы Ленинградтық музыкалық училищеде баян органы классында оқыған, кейін ― Гнесиных атындағы Мәскеу музыкалық-педагогикалық институтында баянист (Н. Я. Чайкинның классы) және дирижёр (Н. П. Резниковтың классы) ретінде оқыған.

Институтты аяқтап (1957), Орталық телевидение мен Бүкіл одақтық радионың орыс халық аспаптары оркестрін басқарды. Симфониялық дирижер мансабын Ленинград филармониясындағы оркестр құрамында бастады, онда ол Е.А. Мравинский мен оның оркестрінің шақыртуымен 1971 жылы келген болатын.

1971 жылы Мәскеу консерваториясының Л.М.Гинзбургінде опералық-симфониялық дирижерлік классы бойынша аспирантураны аяқтап, 1974 жылы Орталық телевидение мен Бүкіл одақтық радионың Үлкен симфониялық оркестіріндегі дирижер лауазымына ие болып, оны әлі күнге дейін басқарып келеді (қазіргі кезде П. И. Чайковский атындағы Үлкен симфониялық оркестр).

Белсенді концерттік қызмет жүргізеді, әлемнің әйгілі симфониялық оркестрлері (Тонхалле (Цюрих), Гевандхаус (Лейпциг), Францияның Радиолық Филармониялық оркестрі (Париж), Бавария радиосының Симфониялық оркестрі (Мюнхен), Берлин симфониялық оркестрі, Дрезденск филармониялық оркестрі, Кливлендск оркестрі, Питтсбургский симфонический оркестр, Симфонический оркестр Финского радио, Штутгартск радиосының Симфониялық оркестрі, Эссен оркестрі (Германия) арқылы сахна төріне шығып, опералық дирижер ретінде де қызмет атқарады. 1997 жылдан 2005 жылға дейін —Веналық симфониялық оркестрдің бас дирижері. 1997 жылдан бастап –оперного театра Цюрих опералық театрының әрқашанғы шақырылған дирижері. 2000 жылдан бастап—Токия филармониялық оркестрінің бас шақырылған дирижёрі. 2009 жылдан бастап –Джузеппе Верди (La Verdi) атындағы Милан симфониялық оркестрінің бас дирижёрі.

Профессор В.И. Федосеев 2004 жылдан бастап Ресейдің Гнесиных атындағы музыкалық академиясында опералық-симфониялық дирижерлеу кафедрасында сабақ береді. 2010 жылдың 26 шілдесінен бастап —мәдениет бойынша Патриарштық кеңестің мүшесі (Орыс православиелік шіркеуі).

Опералық қойылымдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ла Скалада орыс композиторларының опералық қойылымдарын басқарды: Берлиоздың «Бенвенуто Челлини» операсын «Флорентиялық музыкалық мамыры» фестивалінде (1987), париждің «Плейель» залында «Ақшақар», «Алеко», «Евгений Онегин» операларын басқарды (1987, 1989, 1991), «Кармен», «Борис Годунов» және «Сиқырлы мандарин» операларын Вена операсында басқарды (1993, 1994, 1995), Брегенцтегі опералық фестивальде (Австрия) Берлиоздың «Фаустты соттау» операсын (1992), «Түлкі-ұрлықшы» Л.Яначека (2003) операларын басқарды. Римский-Корсаковтың ресжиссер Гарри Купфермен бірге жазған «Көрінбейтін град Китеж туралы айтулар...» опеарсын 1995 жылғы 50 жылдық фестивалінде басқарды, Рубинштейннің «Демон» (1997) операсын, Монтемеццийдің «Үш корольдер махаббаты» (1998) операсын, Римский-Корсаковтың «Алтын әтеш» (2000) операсы қойылымдарын басқарды. Глинканың «Король үшін берілген өмір» (1996) операсын, Вердидің (1998 жылы әйгілі режиссер Эрвин Пиплицпен бірігіп жазған) «Аттила» операсын, Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі» және Прокофьевтің «Золушка» (2000) балетін, Вердидің «Отеллосын» және Мусоргскийдің «Хованщинасын» (2001), Ж.Массненің «Дон Кихотын» (2003), Дворжаканың «Су перісін» (2010) Цюрихтің опералық театрында («Opernhaus») қойды.

Сыйлықтары мен атақтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

• РКФСР-дің халық әртісі (1973)

• КСРО-ның халық әртісі (1980)

• М. И. Глинка (1970) атындағы РКФСР – дің мемлекеттік сыйлығы — концерттік бағдарламалары үшін (1967—1969)

• КСРО-ның мемлекеттік сыйлығы (1989) — концерттік бағдарламалары үшін (1986—1988)

• Ресей Федерациясы Басшылығының мәдениет аясындағы сыйлығы (2010)

• Отан алдындағы қызметі үшін II деңгейдегі Орден (2005)

• Отан алдындағы қызметі үшін IIІ деңгейдегі Орден (2002)

• Отан алдындағы қызметі үшін IV деңгейдегі Орден (1996)

• Құрмет Ордені (2013)

• Пушкиннің медалі (1999)

• «Мәскеудің 850-жылдығына арналған» медалі

• Құдіретті ұлы кінәз Владимирдің I деңгейлік Ордені (2000)

• Орыстың өнертану және музыкалық орындаушылық академиясы Ордені

• «Отан Қорғаушысы» Естелік белгісі («Православиелік Ресей» ортақ ресейлік қоғамдық қозғалысының берген белгісі)

• «Жан-тәнімен қызмет еткені үшін» деп аталатын қасиетті мәскеу кінәздері Борис және Глебтердің I-ші деңгейлік Орден белгісі («Православиелік Ресей» ортақ ресейлік қоғамдық қозғалысының берген белгісі)

• Грамжазбалық Француз ұлттық академиясының «Алтын Орфей» сыйлығы. (Римский-Корсаковтың «Мамыр түні» операсының компакт-дискісі үшін)

• «Асахи» телерадиокомпаниясының күміс сыйлығы (Япония)

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

• Владимир Федосеев: Аттар магиясы енді жоқ http://www.vremya.ru/2003/179/10/80980.html

• Владимир Федосеев: Опералық театрлар қазіргі кезде фабрикаларға айналып жатыр http://www.newizv.ru/news/?id_news=18342&date=2005-01-20