Вольдемар Хансович Пансо

Пансо Вольдемар Хансович(30.11.1920 ж.т., Томск,-27.12.1977,Таллин)- эстон совет актері, режиссер, педагог, өнер танушы ғаламының кандидаты (1964), Эстония КСРО халық әртісі (1968). 1941ж.Талиннің сахналық өнер училищесін, ал 1955ж. Гитистің режиссерлік факультетін бітірді. А.Д. Попов пен М.О. Кнебельдің шәкірті.

Қызметі мен еңбегі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1941-1950, 1955-1958 және 1964-1965 ж. Эстон драма театрында қызмет еткен. 1970 жылдан осы тетардың бас режиссері. Рольдер ойнаумен қатар, Ю.Смулдың «Атлант мұхиты» (1956) мен «Жаюайы капитанын» (196461966), Б.Брехтің «Пунтила мырза және оның қызметшісі Маттиын» (1958), А.Таммсааренің «Адам мен құдайын» (1962), У.Шекспирдің «Гамлетін» (1966), Г.Ибсеннің «Құрылысшы Сольнесін» т.б. қойды.Спектакль жанры мен стилінің тың шешім табуы және соған орай өткір сахналық түр іздестіру - оның режиссерлік өнеріне тән қасиет. Ол Таллиндегі Эстон жастар театрын ұйымдастырып, бас режиссері (1965-70) болды. Киноға түскен. 1957 жылдан Таллин консерваториясының актерлік факультетінде педагогикалық қызметпен шұғылданады.

Сыйлықтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Эстон КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты.

Қолданылған әдебиет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Труд и талант в творчествве актера,1972
  • Удивительный человек,1972
  • Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том,123 бет